Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
481.84 531.33 5.07

Қазақстанда ЭЫДҰ өкілдігін ашу ұсынылды

5-07-2024, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) Еуразия бөлімінің басшысы Уильям Томпсонмен кездесті.

Тараптар ұйымның ұсынымдарын имплементациялау барысын, ҚР Үкіметі мен ЭЫДҰ Хатшылығының 2025 жылға дейінгі бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру, сондай-ақ ЭЫДҰ-ның Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Кездесуде Қазақстанда ЭЫДҰ өкілдігін ашу бастамасы айтылды. Бүгінде ұйымның аймақтық кеңселері Қытайда, Индонезияда, Украинада және Грекияда жұмыс істейді.

Уильям Томпсон ЭЫДҰ-ның Қазақстанмен өзара іс-қимылдың оң тәжірибесін атап өтті. Ұсынымдарға сәйкес елімізде бірқатар саяси және экономикалық өзгерістер жүргізілді: инвестициялық омбудсмен институты енгізілді, бюджет қаражатының жұмсалуына парламенттік бақылау күшейтілді, елдің 2060 жылға дейінгі төмен көміртекті даму стратегиясы әзірленді, жауапты бизнес жүргізу жөніндегі ұлттық байланыс және Жоғары аудиторлық палата құрылды. Билікті орталықсыздандыру процесі басталды – аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін тікелей сайлау енгізілді.

«Еліміз ЭЫДҰ-ның 15 жылдан астам тұрақты серіктесі әрі Орталық Азияда оның ұсынымдарын имплементациялау бойынша көшбасшы. 2025 жылы Қазақстан осы беделді халықаралық ұйымға толыққанды мүше ретінде кіру үшін өтінім беруге ниетті. ЭЫДҰ-мен әрі қарайғы ынтымақтастығымыз мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және құқықтық аспектілерінің дамуына оң әсер ететініне сенімдіміз», — деп атап өтті Нұрлан Байбазаров. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив