Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
516.01 582.47 6.26

Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруді цифрландыру жобасын іске қосу шарттары бекітіледі

5-07-2024, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Қорғаныс ведомствосы Қорғаныс, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлерінің «Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруді цифрландыру пилоттық жобасын ұйымдастыру туралы» бірлескен бұйрығының жобасын әзірледі (Jauynger.gov.kz)".

Нормативтік құқықтық акт «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 22-бабына сәйкес және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңын іске асыру үшін әзірленді.

Оны қабылдау келісімшарт бойынша әскери қызметке ресімдеу процесін автоматтандыру мәселесін шешуге, шығындарды азайтуға, ресімдеу уақытын қысқартуға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.

Бірлескен бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 16 шілдесіне дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15106253

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив