Cемей-15°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Облыс тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады

9-07-2024, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Онда баспанамен қамту, құқықтық тәртіпті сақтау, тұрғын үйлер салу, аулаларды абаттандыру, білім беру, жер қатынастары, медицина, ауыл шаруашылығына қатысты сауалдар қойылды.

Семей қаласының тұрғыны Жаңа құрылыс немесе Океан шағын аудандарында көкөніс өнімдерін сату үшін жалға сауда нүктелерін беруге көмек сұрады. Оған кәсібін жүргізуге бағыт-бағдар берілді.

«Тұрғындармен тікелей байланыста болу өте маңызды. Өзекті мәселелерге жедел назар аударып, тиімді шешімдер іздеу қажет. Әрбір тұрғын өз өтінішінің ескерусіз қалмай, шешім табатынын білгені абзал», - деді әкім.

Қабылдау барысында аймақ басшысы тұрғындардың барлық сауалдарына жан-жақты жауап берді. Аудан әкімдері мен басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив