Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.53 601.01 6.43

Оқушылар «JAS AKADEMIK-2024» жазғы лагерінде білімдерін тереңдетті

9-07-2024, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Мектептің мақсаты – оқушыларыдың жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша теориялық білімдерін жетілдіру, тілдік қорын дамыту және түрлі олимпиадаларға дайындалуға бағыт-бағдар беру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге баулу.

Жазғы лагерьге ауыл және қалалық мектептерден 100-ге жуық оқушы келді. Олар өздерінің теориялық білімдерін тереңдетіп, практикалық дағдыларын дамытты. Жаратылыстану-математикалық бағытты таңдаған оқушылар химия-биологиялық және физика-математика пәндері бойынша топтарда оқыды. Қоғамдық-гуманитарлық бағытты таңдағандар қазақ тілі мен әдебиетін, тарих, тілдік курстарда оқып, ғылыми жобаларды жазу талаптарымен танысты.

Қатысушылар облыстық тарихи-өлкетану мұражайын, Ф. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражайын және профессор А. Исиннің кітапханасын аралады. Лагерьде көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған спорттық іс-шаралар мен пікірталас тренингтері ұйымдастырылды.

Айта кетейік, Білім басқармасы Шәкәрім атындағы университетпен бірлесіп, «JAS AKADEMIK-2024» жазғы мектебін 2022 жылдан бері ұйымдастырып келеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив