Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
450.62 504.2 5.36

Қазақстан мен Түрікменстан СІМ басшылары стратегиялық серіктестік мәселелерін талқылады

10-07-2024, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астанаға жұмыс сапарымен келген Түрікменстанның Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен кездесу өткізді.

Келіссөздер барысында тараптар қазақ-түрікмен ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелерін, оның ішінде саяси, сауда-экономикалық, транзиттік-көліктік, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылдың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ аса жоғары және жоғары деңгейдегі алдағы халықаралық іс-шаралар кестесін талқылады.

ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы түрікмен әріптесін Қазақстанда Түрікменстанның мәдениет күндерінің сәтті өтуімен, сондай-ақ Астанада түрікмен ойшылы және ақыны Махтумкули Фрагиға ескерткіштің ашылуымен құттықтады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив