Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.96 533.03 5.22

Мәжіліс депутаты Динара Наумова Абай облысында

10-07-2024, 11:18 018.kz

Мәжілістің Respublica партиясынан депутаты Динара Наумова жұмыс сапарымен Абай облысына барып, бірнеше нысанның жұмысымен танысты. Сапар аясында ол мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және реабилитациялау орталығына барды, онда әртүрлі психоневрологиялық және тірек-қимыл аппараты ауытқулары бар балалар мен ересектер оқытылады.

Депутат сонымен қатар ерекше қажеттіліктері бар балалар оқитын екі жергілікті мектепте болды. № 17 мектепте 2019 жылы «Жарқын болашақ» қорының қолдауымен ашылған инклюзивті білімі бар сынып жұмыс істеп тұр. Ал № 42 мектепте Alikhan Bokeikhan университетінің жастарының қолдауымен инклюзия кабинеті ашылып, сәтті жұмыс істеуде.

Сапарды аяқтағаннан кейін Динара Наумова жергілікті жастармен кездесіп, оларға креативті индустрия паркінің жобаларын ұсынды. Сондай-ақ, ол NEET санатындағы жастарға арналған түрлі іс-шаралар мен бағдарламаларды талқылады, Абай облысында 150 мыңға жуық жас бар.

Abai IT-Valley қолдауымен өңірде «Елімай» футбол клубы үшін арнайы Тикетон сынды платформаға іске қосылғанын, сондай-ақ өңірлік IT Hub резиденттері қазақ тілді контент пен ұлттық руханиятты дамыту мақсатында ойындар құрумен белсенді айналысатынын атап өту маңызды. Сонымен қатар, қазіргі уақытта облыста 2 сериал түсіріліп жатыр.

Депутат өңірдегі ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастардың жағдайын жақсарту бойынша жұмысты жалғастыруға өзінің қолдауы мен дайындығын білдірді. Барлық көтерілген мәселелер жұмыс жоспарына енгізілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив