Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540 630.72 6.72

Қазақконцерт әртістері беделді халықаралық би байқауында бақ сынауда

10-07-2024, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Бірлік» ансамблі Түркияда өтіп жатқан «Алтынқарагөз атындағы 36-шы Дүниежүзілік халық би байқауына» қатысып жатыр.

ТҮРКСОЙ мен Түркияның Бурса қаласының әкімдігі бірлесе ұйымдастырған байқауға түркітілдес елдердің үздік ұлттық және би ұжымдары қатысады.

«Бірлік» ансамблі байқауда «Қамшыгер», «Жігер», «Күй шашу» атты хореографиялық композицияларды ұсынбақ. Сондай-ақ, ансамбльдің көркемдік жетекшісі Анель Марабаева «Шара» атты жеке композициясын орындайды.

«Бірлік» ән-би ансамблі – көп ұлтты еліміздің мәдени байлығын паш ететін бірлік пен үйлесімнің нышанына айналған ұжым. Ансамбльдің өнердегі мақсаты – өзара құрмет, бірлік пен татулық сынды құндылықтарды насихаттай отырып, қазіргі қоғамдағы аталған құндылықтардың маңызын мәдениет пен өнер арқылы көпшілікке жеткізу.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив