Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.17 550.06 4.93

Қазақстан мен Люксембург сыртқы істер министрліктері саяси консультациялар өткізді

11-07-2024, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан мен Люксембург сыртқы саяси ведомстволары арасында саяси консультациялардың екінші отырысы өтті.

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Люксембург делегациясын қабылдап, Астананың Люксембургті Еуропалық одақтағы маңызды саяси және экономикалық әріптесі ретінде қарастыратынын атап өтті, сондай-ақ екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен кеңейтуге мүдделі екенін хабарлады.

Консультациялар шеңберінде ҚР СІМ Еуропа департаментінің директоры Олжас Сүлейменов әріптесімен саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық серіктестіктің кең ауқымды мәселелерін талқылады.

Люксембург делегациясының басшысы, Люксембург СІМ Көпжақты ұйымдар, Америка және Шығыс Еуропа департаментінің директоры Давид Вайс екіжақты байланыстардың даму динамикасын оң бағалап, Қазақстан Люксембургтің Орталық Азиядағы ең маңызды әріптесі екеніне сендірді.

Парламентаралық диалогты нығайту және сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы ынтымақтастықты талқылау барысында Люксембург СІМ өкілі Қазақстан мен ЕО арасындағы визалық режимді оңтайландыру мәселесін қолдайтынын растады.

Сонымен қатар, сұхбаттастар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, көпжақты құрылымдар шеңберіндегі тығыз өзара іс-қимылға және екі мемлекеттің сыртқы саяси бастамаларына өзара қолдау көрсетуге бейілділігін растады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сыртқы саяси мекемелер арасындағы тығыз диалогты жалғастыруға келісті.

2005-2023 жж. аралығында Люксембургтен Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 2,6 млрд АҚШ долл. құрады. Бүгінгі таңда Қазақстанда Люксембургтің қатысуымен 187 компания тіркелген.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив