Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысында жаңа психологиялық қолдау орталығы ашылды

11-07-2024, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға елімізде ерекше басымдық беріледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауында жастардың психикалық денсаулығының маңыздылығы ерекше атап өтілді. Президент білім беру мекемелерінде психологиялық қолдауды күшейту, бірыңғай сенім телефонын ұйымдастыру және зорлық-зомбылыққа, қысымға тап болғандарға көмек көрсету бағдарламасын әзірлеу қажеттігін атап өткен еді.

Балаларды зорлық-зомбылық пен суицидтен қорғаудың 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарына сәйкес Қазақстанда балалардың қауіпсіздігі мен оларға көмек көрсету жүйесі құрылуда.Осы жоспар шеңберінде 2024 жылғы 4 мамырда Абай облысы әкімдігінің қаулысы бойынша Абай облысы білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды.

Жаңа орталық балаларға кәсіби психологиялық көмекке қол жеткізу мен білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті үйлестіруді қамтамасыз етеді. Оның мақсаты-қиын өмірлік жағдайларда білім беру процесіне қатысушыларды қолдау, психологиялық әл-ауқатты нығайту және педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру.

Орталық қызметінің негізгі түрлеріне кеңес беру арқылы психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-құқықтық көмек, 24/7 режимде сенім телефонының жұмысын ұйымдастыру кіреді. Сондай-ақ онлайн-кеңестер өткізу, педагог қызметкерлерге әдістемелік көмек, кәмелетке толмағандармен ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық жұмыс, психологиялық қызмет мамандарының біліктілігін арттыру, жедел әрекет ету, ведомствоаралық және халықаралық ынтымақтастық қарастырылған.

Орталық балаларға, заңды өкілдеріне және педагогтерге мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымдарының жолдамасы бойынша да, өз қалауы бойынша да көмек көрсетеді.

Орталықта call-center жұмыс істейді: 87711763389

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив