Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Елімізде жол инфрақұрылымының виртуалды көшірмесі жасалып жатыр

11-07-2024, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты автомобиль жолдарының виртуалды көшірмесін әзірлеу бойынша жұмысты бастап кетті.

Жұмыстар жолдардың электрондық паспорттарын әзірлеу жөніндегі жоба шеңберінде жүргізіледі. Цифрлық балама – бұл жол инфрақұрылымының виртуалды көшірмесі, өз кезегінде жолдағы процестерді басқаруды оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Жол ғылыми-зерттеу институтының мамандары 3D бейне сканерлеудің озық технологияларын пайдалануда. Әзірленген бағдарламалық құрал ғимараттарды, тротуарларды және белгілерді қоса алғанда, жолдар мен көше жоспарларын көрсетеді. Жиналған мәліметтер негізінде жол қызметтері үшін есеп-қисап жасалады.

«Аталған жүйе проблемаларды жеделанықтауға және инфрақұрылымға араласпай-ақ шешім табуға көмектеседі. Технология өзгерістердің салдарларын болжауға мүмкіндік беріп, көше-жол желісінің параметрлерін өлшеу барысында жиналған деректерге негізделеді», – дейді мамандар.

Цифрлық жаңашылдықты енгізу жолдар мен құрылыстардың жай-күйі туралы орталықтандырылған деректер базасын құру арқылы жол желісін басқарудың тиімділігін арттыра түспек. Бұл жаңартылған деректер негізінде жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жоспарлауға әрі үйлестіруге мүмкіндік береді. Ресурстарды дәл болжау және бөлу арқылы шығындар азаяды деп күтілуде.

Жолдардың жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу және басқарудың заманауи стандарттарын енгізу инфрақұрылымның қауіпсіздігі мен сапасын арттыруды қамтамасыз етпек. Деректерді талдау проблемалық аймақтарды анықтауға мүмкіндік береді, ал визуализация жол желісінің жағдайы туралы көрнекі ақпарат ұсынады.

Естеріңізге сала кетейік, қазір ҚазжолҒЗИ мамандары көше-жол желісін басқарудың бірыңғай жүйесіне енгізе отырып, еліміздің түрлі өңірлерінде автомобиль жолдарының электрондық паспорттарын жасап жатыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив