Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
487.02 552.23 6.51

Семейлік WhatsApp чаттарда жалған ақпарат тарауда

3-03-2023, 18:43 Думан Кенжеғазыұлы
Абай облысының Полиция департаменті Семей қаласында улы әтірлердің таралуы  салдарынан адамдардың өлуі туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. 
«Семейде екі украиндық жігіттің улы әтір таратып, нәтижесінде адамдар өліп жатыр деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Расталмаған жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соқтыратынын ескертеміз»,- делінген жергілікті полиция басқармасының ресми мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, полиция басқармасы ресми көздерден алынған ақпарат қана сенімді деп танылатынын хабарлайды.

 
ҚР ҚК 274-бабының 2-бөлігіне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары мен телекоммуникация желілері арқылы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін айыппұлдан үш жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив