Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Абай облысы Красноярск өлкесінің билігімен серіктестікті арттырады

3-03-2023, 19:51 Думан Кенжеғазыұлы

Красноярск экономикалық форумы барысында РФ Красноярск өлкесінің орман шаруашылығы министрі Алексей Пановтың ҚР Абай облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Данияр Тоқтыбаевпен ресми кездесті.

Ресейлік әріптестер орман шаруашылығын дамыту, ормандарды қалпына келтіру, мемлекеттік орман қоры аумағындағы өрттердің алдын алу және жою бойынша тәжірибесін бөлісті.

Красноярск мамандары қазақстандықтарға министрлік жанындағы ахуалдық орталық базасында орман өрттерін ерте анықтау үшін қолданылатын заманауи бейнемониторинг жүйесін көрсетті. Пилотсыз ұшу аппараттарын қолдану арқылы ормандарды бақылаудың цифрлық желісі тұтанған өрт ошақтарын уақытылы қадағалап, жою бойынша жедел шаралар қабылдап, кеңістікті үнемі бақылауда ұстауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану орманның жай-күйін көруге және браконьерлікпен күресуге жол ашады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив