Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.55 540.38 6.15

ҚР МАМ-да қайырымдылық саласындағы заңнаманы жетілдіру талқыланды

12-07-2024, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР МАМ-да қайырымдылық саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс тобының екінші отырысы өтті.

Отырысқа ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, қайырымдылық мекемелері мен ұйымдарының және басқа да өкілдері қатысты. Қатысушылар қайырымдылық қызметті дамытудың және қоғамдық ұйымдар мен азаматтардың мүдделерін қорғаудың жаңа тетіктерін талқылады.

«Біздің міндетіміз – қайырымдылық қызметті дамыту және қоғамдық ұйымдар мен азаматтардың мүдделерін қорғаудың тиімді тетіктерін құру», – деп атап өтті ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова

Жұмыс тобының қатысушылары мемлекеттік органдар мен қайырымдылық қоғамдастықтың бірлескен жұмысы жемісті нәтижелер әкелетінін және Қазақстанда қайырымдылықтың дамуына ықпал ететін заңнамаға елеулі және сапалы өзгерістер енгізуге мүмкіндік беретінін сөз етті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив