Абай облысы Ақсуат ауданында «Таза табиғат» акциясы өтті
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ-мен бірлесіп, «Игі істер марафоны» жобасын жүзеге асыруды бастаған болатын.
Аталмыш жоба аясында барлық қазақстандық волонтерлік ұйымдар қөмекке мұқтаж жандарға қолұшын беріп, қайырымдылық іс шаралары ұйымдастырылуда.
Бүгін Ақсуат ауданында жастар өкілдері, «Жасыл ел» еңбек жасағы, еріктілер «Қоскөл» демалыс аймағына тазалық жұмыстарын ұйымдастырып, маңайын қоқыстан тазартты.
«Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында өз Отанын шын сүйетін адам оның табиғатын қорғайды, әр гүліне, әр ағашына жанашырлықпен қарайды деп атап өткен болатын. Біз тазалық акциясын қолдаймыз және барша тұрғындарды экологиялық мәдениетті сақтауға шақырамыз» - деді белсенді жас Дарын Набидоллаұлы.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекҚазақстандық мектептердің 6,8 мың түлегі – «Алтын белгіге» үміткер