Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Семейде қоғамдық жағажай ашылды

15-07-2024, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс орталығында "Заря" қоғамдық жағажайының салтанатты ашылуы өтті. Шара барысында түрлі ойындар, сайыстар ұйымдастырылып, сыйлықтар берілді. Жағажайдың ашылуына 500 - ден аса адам қатысты.

Қоғамдық жағажай орны абаттандырылып, Ертіс жағалауы тазаланды. Жағажайға баратын жол асфальтталды.

Демалушылар қауіпсіздігі үшін құтқару бекеті құрылып, қажетті арнайы құрылғылармен жабдықталды. Суда түсу аумағы белгіленді.

Бұдан бөлек, жағажай аумағында дүңгіршектер, киім ауыстыру, демалу орындары, күн көзінен қалқалайтын зонтылар, дәретхана орнатылды. Орындықтар, қоқыс жәшіктері қойылды.

Суға шомылу маусымы кезінде ТЖД қызметкерлері күшімен қайықты мобильді кезекшілікпен қамтамасыз етілетін болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив