ҚР МАМ және АӨСШК волонтерлік саладағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Бүгін Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова мен Бас хатшының орынбасары Чжан Лин ханым арасында кездесу өтті.
Кездесу барысында тараптар Жастар кеңесінің қолдауымен АӨСШК волонтерлер қозғалысы көшбасшыларының алдағы Слетін талқылады. Іс-шара Мемлекет басшысының 2022 жылы Астана қаласында өткен АӨСШК VI Саммитінің отырысында айтылған бастамасы бойынша өтеді.
«Министрлік өзге елдермен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі. Біз волонтерлік саладағы жетістіктерімізбен бөлісуге, сондай-ақ осы саланың халықаралық тәжірибесін зерделеуге дайынбыз», – деп атап өтті Айзада Құрманова.
Слет АӨСШК-ге мүше мемлекеттер арасындағы мәдениетаралық байланысты дамытуға және сенімді нығайтуға бағытталған.
Слетке 20-ға жуық елдің волонтерлері қатысады деп күтілуде.
Айта кетейік, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) 28 мүше мемлекетті біріктіреді және Азиядағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ең ірі өңірлік үкіметаралық форумдардың бірі.