Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
472.03 540.29 6.11

Шошқалы көлінде «Таза жағалау» акциясы өтті

16-07-2024, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Бесқарағай ауданының Шошқалы көлінде аудандық жастар орталығының қатысуымен «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Таза жағалау» шарасы өтті. Оған 50-ге жуық адам қатысты.

Акцияның мақсаты – көл жағасын қоқыстан тазартып, санитарлық тәртіпті сақтау, сондай-ақ қоршаған ортаға қамқорлықты насихаттау. Акцияға қатысушылар пластик ыдыстарды, шыны, қағаз және металл қалдықтарын жинау жұмыстарын жүргізді. Барлық жиналған қалдықтар арнайы полигонға шығарылды.

«Акцияға қатысқан жастар туған жердің тазалығына өз үлестерін тигізіп, уақыттарын пайдалы өткізді деп ойлаймын. Бұл шараны жыл сайын өткізуді жоспарлап отырмыз», - дейді Бесқарағай аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Арыстан Сабыров.

Айта кетейік, акция жыл сайын өткізіліп, нәтижесінде 2 тоннаға дейін түрлі қоқыс шығарылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив