Роман Скляр Wabtec компаниясының бас директоры Рафаэль Сантанамен теміржол саласын дамыту мәселелерін талқылады
11 шілдеде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Wabtec (Westinghouse Air Brake Technologies Corporation) америкалық компаниясының бас директоры Рафаэль Сантанамен кездесу өткізді.
Компания көлік және логистика саласы бойынша әлемдік көшбасшылар қатарында (Fortune 500 тізіміне енген).
Талқылау барысында Роман Скляр Үкімет тарапынан теміржол саласын дамыту бойынша, оның ішінде, жылжымалы құрамды жаңарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті. Бұдан бөлек, тараптар компанияның Қазақстанда жаңа буынның «жасыл» локомотивтерін шығару жоспарын талқылады.
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары америкалық тарапқа «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ негізінде Wabtec инжинирингтік орталығын құрғаны үшін алғысын білдірді.
Рафаэль Сантана Орталық баламалы энергия көздерін (СТГ, сутегі және аккумуляторлар) пайдалана отырып, локомотивтер шығару, сондай-ақ Қазақстанда жасалатын және басқа елдерде (Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғызстан, Молдова) қолданылатын локомотивтерді жөндеу және техникалық қызмет көрсетуді жақсарту бойынша жұмыс істейтін болады деп сендірді.
Кездесу қорытындысы бойынша Роман Скляр мемлекеттік органдар мен ұйымдарға америкалық компанияның бастамаларын пысықтау бойынша бірқатар тапсырма берді.