Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.34 640.73 6.53

Қазақстан СІМ-де қызметкерлерді ШЫҰ Саммитін сәтті өткізгені үшін наградалармен марапаттады

16-07-2024, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының Саммитін сәтті өткізгені үшін қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.

Саммитті ұйымдастырудың жоғары деңгейі үшін Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу сыртқы саяси ведомствосының бірқатар қызметкерлерін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан медальдармен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапаттады.

СІМ басшысы ауқымды халықаралық іс-шараны дайындау және өткізу кезінде министрлік ұжымының кәсібилігін атап өтті. Бұл Саммит Қазақстанның халықаралық аренадағы жоғары мәртебесін және еліміздің халықаралық қоғамдастықта өзара түсіністік пен ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бастамаларға белсенді қатысуды жалғастыруға дайындығын растайды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив