Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
460.8 541.21 6.13

Марафонның бірінші аптасында 500-ден астам игі іс жасалды

16-07-2024, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгінгі таңда Қазақстанда «Игі істер марафоны» өтіп жатыр. Бұл қоғам өмірін жақсартуға үлес қосып жүрген қазақстандықтарды біріктіріп, ізгілікке үндейтін дәстүрлі ұлттық жоба.

9-14 шілде аралығында «Игі істер марафоны» аясында «Экология» апталығы өтті. Осы кезеңде qazvolunteer.kz сайтының «Мейірімділік көрсеткіші» тетігінде 525 игі іс тіркелді, оның ішінде 200 іс-шараны волонтерлердің өңірлік фронт-офистері мен волонтерлік қоғамдастықтары бірлесіп өткізсе, 325 игі іс қазақстандық белсенді волонтерлердің бастамасымен жүзеге асты. Экоапталыққа барлығы 6 мыңға жуық адам қатысты.

Мәселен, елордада волонтерлер Президент саябағын қоқыстан тазартса, Қызылорда облысында су айдындарын тазарту бойынша «Таза су қоймалары» акциясы болды және Қостанай облысында экологиялық плогинг өтті.

Айта кетейік, Қазақстанда игі істер марафоны жалғасуда.

Марафонға қатысу үшін толық ақпарат пен нұсқаулықты «Qazvolunteer.kz» сайтынан және @kz_nvs@qazvolunteer.kz әлеуметтік желілерінен алуға болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив