Нұрбол Нұрсағатов Қарағайлы 44 А және Шугаев 163 мекенжайының тұрғындарымен кездесті
Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Қарағайлы 44 А және Шугаев 163 тұрғындарымен кездесті. Қарағайлы 44А мекенжайының тұрғындары бұдан бұрын қала әкімінің жеке қабылауына келіп, тұрғын үйді салушы құрылыс компаниясына шағымданған болатын. Бүгін әкім Қарағайлыға барып аталған тұрғын үйдің проблемалық сұрақтарын бөлім басшыларымен бірге талқылады.
Тұрғындар жеделсатының жиі істен шығатындығына, шатырды қайтадан қалпына келтіруге және тұрғын үй жертөлесіндегі жылу қабылдауыштың жұмысын реттеуді сұрады. Нұрбол Төлегенұлы Тұрғын үй инспекция бөліміне тұрғын үйді басқарушы орган (ОСИ) жұмысын қатаң бақылауды және лифт жұмысын қалпына келтіруді тапсырды. Құрылыс бөліміне жылу құбырларының жұмысын ретке келтіру бойынша тапсырма берді.
Айта кетейік, көп қабатты үйлердің аула аумағының жай-күйіне үйлерге қызмет көрсететін ұйымдар жауап береді: ОСИ, КС, ПТ, кондоминиум, басқарушы компаниялар. Олар осы үйлердегі пәтер иелерімен бірлесіп аула аумағында тиісті шаралар қабылдаулары керек.
Шугаев 163 мекенжайының тұрғындары әкіммен кездесу барысында қуараған ағаштарды кесуді, жаңа қоқыс алаңдарын жайластыруды және аулашілік жолдарға асфальт салу жұмыстарын жүргізуді сұрады. Әкім ағымдағы жылы қоқыс контейнері орнатылатындығын, қураған ағаштарды кесу жұмыстары жүргізілетіндігін атап өтті.
Сондай-ақ, қала әкімі асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Морозов көшесіне барды. Мердігерлерге жұмыстарды жеделдетуді тапсырды. Қазіргі уақытта Морозов көшесіндегі асфальтбетон жабынын фрезерлеу аяқталып, негізгі жұмыстар басталды. Дулатов, Гагарин көшелерінде асфальттың бірінші қабатын төсеу жұмыстары жүргізілді, жақын уақытта екінші қабат төселетін болады. Сондай-ақ, алдағы күндері Энергетик шағын ауданының негізгі жолында жөндеу жұмыстары басталады.