Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қазақстан Тұрақты даму жөніндегі жоғары деңгейдегі саяси форумға қатысты

18-07-2024, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

БҰҰ-ның Штаб-пәтерінде Қазақстан Қазақстанның тұрақты даму мақсаттарына бейілділігін растады.

Нью-Йорк қаласында өткен тұрақты даму жөніндегі жоғары деңгейдегі саяси форумның министрлік сегментінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу туралы баяндама жасады.

Вице-министр Қазақстанның 2025 жылы Нью-Йоркте өтетін Жоғары деңгейдегі саяси форумда ТДМ (Тұрақты даму мақсаттарын)  іске асыру жөніндегі үшінші Ерікті ұлттық шолуын ұсынуға ниетті екенін хабарлады. Биылғы жылы 37 ел ерікті ұлттық шолуын ұсынды.

Ол Қазақстан үшін ТДМ ұлттық басымдық болып табылатынын, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жаңа реформалар мен шараларды әзірлеудің негізі екенін атап өтті.

«Үкіметтің барлық деңгейлерінде ТДМ міндеттері мен индикаторларын ұлттық стратегиялар мен даму бағдарламаларына енгізу арқылы қолданыстағы басым реформаларды қолдау мақсатында интеграциялау бойынша маңызды жұмыс атқарылуда», – деп атап өтті Б.Омарбеков.

Вице-министр сондай-ақ күш-жігерді біріктіру әрі өңірлік ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті. Еліміз ТДМ бойынша өңірлік саммиттерді тұрақты түрде өткізіп тұрады, бұған қоса Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Тұрақты даму жөніндегі өңірлік орталығын ашу жұмысын жалғастыруда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив