Өңірлерде зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек бағдарламасы енгізілуде
Оқу-ағарту министрлігі әрбір баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек көрсету бағдарламасын әзірледі.
Мақсат - зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, буллингке ұшыраған, сондай-ақ қылмысқа куә болған балаларға кешенді көмек көрсету. Бағдарлама балалардың эмоциялық, когнитивтік және мінез-құлқындағы салдарларды еңсеруге бағытталған.
Бастама балаларға көмек көрсету алгоритмін және кәмелетке толмағандардың қажеттіліктерін бағалау негізінде медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету түрлерінің кешенін қамтиды. Сондай-ақ бағдарлама шеңберінде балалар мен олардың ата-аналарына психологиялық көмек көрсету бойынша бірыңғай әдістемелік ұсынымдар әзірленді.
Айта кетейік, көмек көрсету облыстық деңгейде психологиялық қолдау орталықтарының, аудандық деңгейде білім бөлімдерінің базасында іске асырылады.