Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
464.77 541.36 5.41

Экологияны қорғау мақсатында «Автокөліксіз күн» акциясы өтеді

19-07-2024, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

«Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасын іске асыру шеңберінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Автокөліксіз күн» челленджі ұйымдастырылады.

Жоба жеке көліксіз жүріп, ауаның ластануын, улы газдардың бөлінуін азайтуға сеп болады.

22 шілдеде кез келген адам челленджге қосыла алады. Ол үшін қатысушылар күні бойы көліктен бас тартуы керек. Ұйымдастырушылар қоғамдық көлікпен, велосипедпен, скутермен немесе жаяу жүруге кеңес береді.

Қатысушылар #Автокөліксізкүн челлендж хэштегтерін қолдана отырып, әлеуметтік желілерде көліксіз қозғалыстарының фотосуреттерін немесе бейнелерін бөлісуі және @birgemiz_taza_alem2022 ұйымдастырушылар парақшасын белгілеу қажет.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив