Астанада мемлекеттік мекемелердің БАҚ-пен байланысын арттыруға арналған курс өтеді
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 2024 жылғы 5-6 тамызда ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен, «Медиа дамыту қоры» КҚ-мен бірлесіп, «Мемлекеттік мекемелер мен БАҚ арасындағы тиімді коммуникациялар» тақырыбында курс өткізеді. МО және ЖАО-ның БАҚ-пен өзара байланыс орнату жөніндегі уәкілетті тұлғалары (бөлімшелер) үшін арнайы бағдарлама әзірленді.
Іс-шара уәкілетті тұлғалардың жұмыс сапасын арттыруға, мемлекеттің заңнамалық және өзге де бастамаларын мазмұнды түсіндіруге, БАҚ арқылы халықты сенімді ақпаратпен уақтылы хабардар етуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Спикерлер ретінде мемлекеттік органдардың өкілдері, жетекші медиа жаттықтырушылар, стратегиялық және дағдарыстық коммуникациялар саласындағы мамандар сөз сөйлейді.
Оқыту курсы мына мекенжай бойынша өтеді: Астана қ.,ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы, Абай даңғ., 33А, Көк зал.
Басқа аймақтарда жұмыс істейтін және курсқа қатысу мүмкіндігі жоқ баспасөз қызметтерінің өкілдері үшін ZOOM платформасында онлайн трансляция ұйымдастырылады: https://us06web.zoom.us/j/89233045539?pwd=ECMXZHvM8mtlLoY7i1v5sodTWaj3E8.1 (конференция идентификаторы: 892 3304 5539, кіру коды: 904039).
Келесі сілтеме бойынша тіркеліп, іс-шараға қатысуға шақырамыз: https://gforms.app/r/CG95Qd3
Барлық сұрақтар бойынша төмендегі нөмір бойынша хабарласуға болады: +7 7172 740186.