Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
480.55 533.75 5.36

Семейде «Qazaq Marathon Abay» марафоны өтуде

21-07-2024, 07:00 Думан Кенжеғазыұлы

Семейде спорт сүйер қауым үшін «Qazaq Marathon Abay» марафоны ұйымдастырылып жатыр. Іс-шара Абай атындағы алаңда басталды, содан кейін қатысушылар қаланың көрікті жерлерімен жүгіреді. Жүгіруге 1000-нан астам әуесқой спортшы қатысып отыр.

Қатысушыларға физикалық мүмкіндіктеріне сәйкес қашықтықты таңдау мүмкіндігі берілді: 21 км, 10 км, 5 км, 10 км (скандинавиялық жаяу жүріс) және2 км (балаларға арналған қашықтық). Жарыстың жалпы жүлде қоры 5,4 млн теңгені құрады.

Семейдегі Qazaq Marathon 2024 марафонның екінші кезеңі болды. Ұйымдастырушылар жылсоңына дейін еліміздің басқа өңірлерінде осындайбес іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.

«Qazaq Marathon өңірлік орталықтарды бір тудың астына біріктірген алғашқы жоба болды. Біздің міндетіміз – спортқа көбірек адамдарды тарту. Бұған дейін өңірлерден спортшылар Алматыға, Астанаға және Шымкентке ірі старттарға қатысу үшін келген болатын, енді біз өңір тұрғындарына үлкен спорттық мереке сыйлау үшін өзіміз келеміз», - деп атап өтті Qazaq Marathon жобасының авторы Азамат Ердесов.

Әр жарысты өткізгеннен кейін ұйымдастырушылар қалаларда кәсіби жаттықтырушылар басқаратын жүгіру мектептерін ашуды жоспарлап отыр. Бұл мектептерде балалар тегін оқи алады, ал уақыт өтекеле ересектер де қосыла алады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив