Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Топырақтың құнарлы қабатын заңсыз алып тастағаны үшін ЖШС 22 миллион теңге айыппұл арқалады

22-07-2024, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Жоспардан тыс тексеру барысында ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Батыс Қазақстан облысының аумақтық бөлімшесі Теректі және Ақсуат ауылдық округтерінде топырақтың құнарлы қабатын заңсыз алу түріндегі бұзушылықты анықтады.

Кәсіпорынға 22 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, мемлекет кірісіне өндірілді.

ҚР Жер кодексінің 140-бабына сәйкес жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар бүлінген жерлерді қалпына келтіруге, олардың құнарлылығын және жердің басқа да пайдалы қасиеттерін қалпына келтіруге және оны шаруашылық айналымға уақтылы тартуға бағытталған іс-шараларды жүргізуге міндетті.

Аумақтық бөлімше «Подстепное - Федоровка - РФ шекарасы» автомобиль жолын қайта жаңғырту жобасы аяқталғаннан кейін 3 ай ішінде бұзылған жерлер мен оның құнарлылығын қалпына келтіру жолымен анықталған бұзушылықтарды жою бойынша кешенді іс-шараларды қабылдау туралы ұйғарым жазып, ұсынымдар енгізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив