Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
467.58 543.66 6.44

Жыл басынан облыс орталығында 4 суға бату фактісі тіркелді

23-07-2024, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Жаз мезгілі басталғаннан бері облыс аумағында 10 адам суға батып кеткен. Бұл туралы Абай облысының Төтенше жағдайлар Департаменті бастығының орынбасары Азамат Орынбаев баяндады.

Спикердің айтуынша, суға батқан 10 адамның үшеуі жасөспірім балалар. Осы жағдайларға байланысты, төтенше жағдай департаменті қызметкерлері облыс тұрғындарына судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.

Сонымен қатар, Семей қаласы бойынша 4 суға бату фактілері тіркелді. Бүгінде жазатайым оқиғалардын алдын алу үшін облыс бойынша 9 қайықты және 28 жаяу патруль қызмет атқарады. Атқарылған жұмыс нәтижесінде су айдындарында 21 адам құтқарылды. Шомылу маусымы басталғаннан бері су айдындарында 2000 - нан астам рейд жүргізілген. Рейдтік шаралар аясында, судағы қауіпсіздікті сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 412 бабы бойынша 75 адамға 960 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив