Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
480.61 534.53 5.28

«Астана Опера» театры экскурсия мен шеберлік сыныптарына шақырады

23-07-2024, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Орталық Азиядағы ірі театр атанған «Астана Операға»  әлемнің түкпір-түкпірінен көптеген саяхатшы келеді. Өйткені, ол тек өнер ордасы ғана емес, шаһардағы тұрғындар мен қонақтар қызықтайтын сәулетті ғимараттардың бірі саналады. 

Былтырдан бері театр жазғы демалыс кезінде оқушыларға  танымдық экскурсиялар өткізеді. Аталмыш экскурсия аясында театр қызметкерлері балаларды ноталық кітапхана, декорация және киім ауыстыратын бөлмелермен таныстырады.

Экскурсия қатысушыларына көбіне бутофор және тігін цехтары ерекше қызық. Себебі балалар спектакльдер үшін арнайы тігілген костюмдер мен реквизиттерді дайындау процесін көре алады. Іс-шара барысында тігін, сурет салу бойынша шеберлік сабақтары өтеді. Бұл балаларға өнер өздерін өнер әлемінің бір бөлшегі ретінде сезінуіне және өздерін сынап көруге мүмкіндік береді.

Айта кету керек, театрдың іс-шараларына көбіне көрші елдерден Ресей, Өзбекстан, Қырғызстаннан келген меймандар билеттер сатып алады, сондай-ақ Қытай, Түркия, Германия және АҚШ-тан да келушілер бар.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив