Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
464.77 541.36 5.41

Қытайлық ғалымдар Қазақстанға АТҚТ жасанды орман екпелерін құру бойынша қолдау көрсетуге дайын

24-07-2024, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев жасанды орман екпелерін жасау бойынша Қытай Ғылым академиясының Шыңжаң экология және география институтының ғалымдарымен бірлескен кездесу өткізді.

Талқылау барысында өңірдің экологиясына теріс әсерді азайту үшін Арал теңізінің құрғаған түбіне (АТҚТ) орман екпелерін отырғызу мәселелері қаралды.

Министр Қытай жасанды орман екпелерінің көлемі бойынша әлемдік рекордшы болып табылатынын ескере отырып, Қытай Халық Республикасының ғалымдарымен ормандарды молықтыру жөніндегі ғылыми зерттеулерде тәжірибе алмасу бойынша өзара ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, Арал теңізінің құрғаған түбінде экологиялық мәселелерді шешу бойынша бірлескен қазақстан-қытай орталығын құру ұсынылды.

АТҚТ-де жүргізіліп жатқан жұмыстармен толығырақ танысу үшін қытай ғалымдары Қызылорда облысына барды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив