Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Үкімет БҚО-дағы жылу магистральдарын реконструкциялауға 4,9 млрд-қа жуық теңге бөлді

24-07-2024, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Алдағы жылу беру маусымының үзіліссіз өтуін қамтамасыз ету үшін ҚР Үкіметінің резервінен Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне шамамен 4,9 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды.

Қаражат Орал қаласындағы екі жылу магистралін реконструкциялауға бөлінеді. Олар тәуекелдің «қызыл аймағындағы» 19 жылу көзінің тізбесіне кіреді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке оларды басым тәртіппен жаңғыртуды тапсырған болатын. 

Премьер-Министр Олжас Бектенов биылғы ақпан айында өңірге жұмыс сапары барысында әкімдікке көп кідіртпей реконструкциялауды талап ететін жылумен қамту нысандары бойынша құжаттама дайындауды тапсырған болатын. ТМ-5 және ТМ-2 жылу магистральдары бойынша жобалар дайындалды.

Орал қаласындағы ұзындығы 1,6 шақырым болатын ТМ-5 жылу магистралі 1987 жылы пайдалануға берілген, оның тозуы 80%-ды құрайды. Жөндеу жұмыстарына 574 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді.

Екінші жоба 4 шақырым ТМ-2 жылу магистралін реконструкциялауды қамтиды, оның тозу деңгейі – 75%. Жобаны 4,3 млрд теңге көлемінде қаржыландыру көзделген. Екі учаскеде де күрделі жөндеу бұрын соңды жүргізілмеген.

Бөлінген қаражат 106 көпқабатты үй мен 20-ға жуық әлеуметтік нысанды, яғни 24 мың абонентті, балабақшалар, мектептер, колледждер, ауруханалар мен емханаларды үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив