Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Астанада отбасын қолдау орталықтарының жаңа жұмыс тәсілдері талқыланды

25-07-2024, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

2024 жылғы 16 маусымда Әйелдер құқығы мен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заң күшіне енді. Заңдағы өзгерістердің бірі – отбасын қолдау орталықтарының бірыңғай желісін құру. Өзгерістер туралы талқыға ҚР МАМ, ЕХӘҚ, ІІМ, ДСМ және Астана қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты.

Енгізілген өзгеріс бойынша, алдын алу шараларына баса назар аударылды. Енді қиын өмірлік жағдайда отбасыларды ерте анықтау үшін ҚР МАМ, ЕХӘҚ, ІІМ, ДСМ бейінді ведомстволары мамандарынан мобильді жұмыс топтары құрылатын болады. Оларды отбасын қолдау орталықтары үйлестіреді.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың ведомствоаралық өзара байланысы жедел әрі ыңғайлы болуы үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мобильді қосымша әзірледі. Бұл әлеуметтік қызметтер ұсынудың интеграцияланған моделі.

Құқықтық, медициналық, әлеуметтік, психологиялық көмекке мұқтаж отбасы анықталған кезде мобильді топ мүшелері бұл туралы қосымшада хабарлай алады, онда олардың өтінімі автоматты түрде бейінді ведомствоға жіберіледі. Осы немесе өзге де деректерді растаған кезде ОҚО-да сол отбасымен жұмыс істеуде жеке жоспар әзірленетін болады.

Мобильді қосымша отбасының цифрлық картасымен интеграцияланады, бұл қазақстандық отбасының неғұрлым анық портретін жасауға, алдын алу шараларын жүзеге асыруға және мемлекеттік қолдауға мұқтаж адамдарды одан да көп қамтуға мүмкіндік береді.

Елордалық «Жанұя» отбасын қолдау орталығында бұл тәсіл қабылданып, іске қосылады. Аталмыш орталық Астанадағы 700-ден астам отбасымен жұмыс істейді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив