Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Цифрлық министрлік делегациясы жұмыс сапарымен АҚШ-та

25-07-2024, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Министр Жаслан Мәдиев бастаған ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің делегациясы Америка Құрама Штаттарында жұмыс сапарымен жүр.

Іс-сапардың мақсаты - АҚШ үкіметінің өкілдерімен келіссөздер жүргізу,

NVIDIA, Microsoft, Amazon, Space X және т.б. әлемдегі жетекші технологиялық алпауыттармен серіктестік орнату және нығайту.

Екіжақты кездесулер мен ірі IT-компаниялар мен венчурлік қорлардың кеңселеріне баруды қамтитын бағдарлама жоспарланған.

Ірі технологиялық компанияларды (big-tech) тарту мақсатында Қазақстанға бірлескен жобаларды түсіну үшін бірқатар келіссөздер жүргізілді.

Тараптар сондай-ақ байланыс, цифрлық инфрақұрылым, деректерді жіктеу, бұлтты технологиялардың басымдылық саясаты (cloud-first policy), елдің халықаралық байланысы (connectivity) және т.б. мәселелерді талқылауды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, цифрлық министрлік басшысы шетелде тұратын және әлемнің жетекші технологиялық компанияларында жұмыс істейтін қазақстандықтарды біріктіретін Digital Nomads IT-қоғамдастығының өкілдерімен кездесіп, Орталық Азия стартаптарына арналған жаңа акселерациялық бағдарламаларды іске қосу үшін Кремний алқабындағы Silkroad Innovation Hub-қа баруды жоспарлап отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив