Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Цифрлық министрлік Hubble Network және Astranis компанияларының басшылығымен кездесулер өткізді

25-07-2024, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

АҚШ-қа жұмыс сапары аясында министр Жаслан Мәдиев Hubble Network компаниясының негізін қалаушы және атқарушы өкілі Алекс Харомен, сондай-ақ Astranis компаниясының өкілдерімен кездесулер өткізді.

Кездесулерде ғарыштық технологиялар мен спутниктік коммуникациялар саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Hubble Network-пен ҚР аумағында IoT-құрылғыларды орналастыру бойынша пилоттық жобаны іске қосу туралы келімге қол жеткізілді.

Компанияның шешімдерін пайдалану сенімді байланыс пен деректермен алмасуды қамтамасыз ете отырып, еліміздің барлық өңірлерінде IoT-құрылғыларды қолдану мүмкіндіктерін едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді. Мұнай және газ салаларындағы датчиктерге, сондай-ақ жүк вагондарын треккингке қолдануды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ қазақстандық делегация Astranis компаниясының өндірістік қуаттарымен танысты. Кездесу шеңберінде тараптар "лизинг" моделі бойынша Astranis аппаратын пайдалану мүмкіндігіне мұқият талдауды жүргізуге келісті, бұл Қазақстанның спутник өндірісіне жүздеген миллион доллар инвестициялау қажеттілігінсіз деректерді берудің жоғары жылдамдықты спутниктік байланыс арналарын ұйымдастыру қажеттілігін жабуға мүмкіндік береді.

Hubble Network - Bluetooth құрылғыларын ұялы байланыссыз қосу үшін ғаламдық спутниктік желі құратын компания.

Astranis - шағын геостационарлық байланыс спутниктерін әзірлеуге және өндіруге маманданған компания.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив