Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Биыл Семей қаласы бойынша 84 адам кәсіптік оқудан өтеді

26-07-2024, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Бұл туралы бүгін Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде «Жұмыссыздарға арналған қысқа мерзімді курстар: кәсіби өсудің жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында өткен брифинг барысында «Абай облысы Семей қаласының мансап орталығы» директоры Дариға Абайқызы баяндады.

Орталық директоры қаладағы жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқыту, кадрларды даярлау туралы айтып берді.

- Биыл Семей қаласы бойынша 84 адамды кәсіптік оқытумен қамту жоспарлануда. Бүгінгі таңда 56 адам кәсіптік  оқуға жолданды. Оның ішінде  жұмыс берушінің жұмыс орнында оқуға бірінші рет 21 жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз азаматтар оқуға жіберілді, - деді спикер.

Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша білім беру ұйымдарында жұмыссыздарды кәсіптік оқытуға 34 адам 2-3 ай мерзімге оқуға жіберілген, оның ішінде: «Қызмет көрсету саласы» колледжіне шашатараз стилисі – 5, «Көлік колледжі» автомобиль электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электригі мамандығына – 8 адам, Семей қаласының кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар институтына есепші – 20 адам.

- Ең өзекті мамандықтар қызмет көрсету саласына жатады. Осы ретте, кәсіптік оқытудың талаптары мен артықшылықтарына толығырақ тоқталғым келеді. Оқыту екі бағытта жүргізіледі: 1) жұмыс берушілердің өтініші бойынша білім беру ұйымдарында; 2) жұмыс берушілердің жұмыс орнында, - деді мекеме басшысы.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтетін қатысушыларға жұмыссыздар, аз қамтылған және көп балалы отбасы мүшелері, еңбекке қабілетті мүгедектер, жұмыстан босатылған қызметкерлер жатады. Оларға мансап орталығында жұмыссыз ретінде тіркелу қажет. Оқу ұзақтығы – 1 айдан 6 айға дейін.

- Барлық оқу оқыған  жұмыссыз адамдардың оқу ақысын төлеу мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етіледі, ай сайын 32681 теңге мөлшерінде стипендия және медициналық тексеруден өтуге 7384 (2 АЕК) теңге материалдық көмек төленеді. Оқу аяқталғаннан кейін жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша кемінде 6 ай мерзімге жұмысқа орналастыру ұсынылады, - деп қорытындылады Дариға Абайқызы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив