Пойызға билетсіз мінгізген жолсеріктер жұмыстан қуылды
ҚТЖ-да билетсіз жолаушыларды тасымалдау және жол жүру құжаттарын заңсыз сату фактілеріне нөлдік төзімділік саясаты іске асырылуда. Компанияда жүйелі жұмыс жүргізілуде, жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін тарта отырып, тұрақты ішкі тексерулер мен жеке тексерістер жүргізілуде. Осындай жағдайлардың бірі Алматы-2 теміржол вокзалында билеттерді заңсыз қайта сатуды және жасанды тапшылықты анықтаған қызметтік тексеріс болды.
Сондай-ақ, Шымкент станциясындағы тексерулердің бірінде билетсіз жолаушыны тасымалдау фактісі анықталды. «Шымкент – Астана» пойызының жолсеріктері ресми сатып алмаған билетсіз адамды белгілі бір сомаға алып жүруге келісті.
Қызметтік тергеу қорытындысы бойынша пойыз бастығы мен жолсерік жұмыстан шығарылды, ал екінші жолсерік пен Шымкент станциясы учаскесі бастығының орынбасарына қатаң сөгіс берілді.
Ішкі тексерулер елдің барлық вокзалдарында өтуде.
Ұлттық тасымалдаушы азаматтарды @jolaushylar_tasymaly (direct) парақшасына немесе +7 776 714 5686ватсап-нөміріне фото -, аудио -, бейнематериалдар ұсына отырып, жолаушыларды билетсіз тасымалдау және билеттерді заңсыз қайта сату фактілері туралы хабарлауға шақырады.