Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
538.2 629.64 6.34

Елімізде «Балаларды суда қорғаңыз» акциясы басталды

26-07-2024, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін, дүниежүзілік суға батудың алдын алу күні қарсаңында Төтенше жағдайлар министрлігі «Балаларды суда қорғаңыз» атты апталық акциясын бастауда.

Акцияның мақсаты – балалардың судағы жазатайым оқиғаларының алдын алу.

Суға түсу маусымы басталғалы судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Қазақстандық құтқарушылар су айдындарынан 160 адамды құтқарды, оның 44-і балалар.

Алайда жаз басынан бері 93 адам суға кетті, оның 35-і балалар. Кәмелетке толмағандардың өлімі Атырау, Қостанай, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында және Абай облысында тіркелді. Осыған орай Дүниежүзілік суға кетудің алдын алу күні аталған өңірлердің құтқарушылары кезекті рейдке шығады.

Өлімнің негізгі себептері – тыйым салынған жерлерде суға түсу, балаларды қараусыз қалдыру, күш-қуатты асыра бағалау және жүзе алмау.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив