Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.34 640.73 6.53

Жаслан Мәдиев АҚШ-тың ірі венчурлық қорларымен кездесу өткізді

26-07-2024, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Жаслан Мәдиев бастаған цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Andreessen Horowitz және Lightspeed Ventures ірі венчурлық қорларының өкілдерімен кездесу өткізді. Сондай-ақ «Sand Hill Road құпиялары» бестселлерлерінің авторлары Скотт Купер және «The Venture Mindset» авторлары Илья Стребулаев және Алекс Дангпен кездесті.

Кездесулер барысында венчурлік инвестициялар саласындағы әлеуетті ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Жасанды интеллект саласындағы перспективалы стартаптарды талқылауды қоса алғанда, елдің технологиялық экожүйесін дамыту перспективаларына ерекше назар аударылды.

Венчурлық капитал саласындағы танымал сарапшы Илья Стребулаевпен кездесуде қазақстандық тарап ҚР Премьер-Министрінің елге келуге ресми шақыруын табыс етті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив