Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455.63 507.89 5.65

Нобель сыйлығының лауреаты Рэ Квон Чунг «Берел» қорық-мұражайындағы экспонаттарды жоғары бағалады

29-07-2024, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Климаттың өзгеруіне қосқан үлесі үшін Нобель сыйлығын алған Рэ Квон Чунг «Берел» қорық-мұражайға барды. Сапар барысында Оңтүстік Кореядан келген қонақ Ұлы даланың мыңжылдық тарихына, сақтар мен түркілердің мәдениетіне тәнті болды.

Экскурсия барысында қонақтарға «Берел» Қазақстан аумағында органикалық заттар табылып, сақталған жалғыз ескерткіш екені айтылды. Мұражайдан көшпенді ақсүйектердің қабірлері мен ерекше скиф-сібірлердің аң стилінде жасалған жоғары көркем бұйымдар табылып, көпке танымал болды.

Сондай-ақ қонақтар ерте темір дәуірінде өмір сүрген көшпенділердің киімі, ат әбзелдері, ағаштан жасалған бұйымдар, ер-тоқым, мата, ағаш ыдыс-аяқ, былғары және киізден жасалған бұйымдар сияқты бірегей экспонаттармен танысты.

Айта кетейік, қорық-мұражай қазақстандықтар арасында танымал. Жыл басынан бері «Берелге» бес мыңға жуық турист келді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив