Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Венгриялық Globalia Ltd Қазақстанда ауыл шаруашылығы индустриялық паркін құрады

29-07-2024, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Ақмола облысында венгриялық Globalia Ltd компаниясы ауыл шаруашылығы индустриялық паркін құру жобасын іске асыруда.

Жобаның негізгі мақсаты - Венгрияда әзірленген заманауи ауыл шаруашылығы технологияларын пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы қызметін құру.

27 гектар аумақта агробизнеске жататын немесе онымен тығыз байланысты шамамен 7-8 түрлі қызмет түрі орналастырылады. Мұнда ауыл шаруашылығын жүргізудің озық әдістері, тұрақты, экологиялық қауіпсіз технологиялар көрсетіледі, мониторинг жүргізіледі және өнім өндірушіден бастап оның түпкі тұтынушысына дейін, «фермадан үстелге дейін» кез келген кезеңде тауардың қадағалануы қамтамасыз етіледі.

Барлық енгізілген қондырғылар дербес және тиімді болады және арнайы қаржыландыруды қажет етпейді деп күтілуде.

Алғашқы 2-3 жылда үлгілік балық өсіру шаруашылығын дамыту, балық өсіру, климаттың өзгеруіне бейімделудегі жер мен топырақтың рөлін арттыру, құрама жем зауытын салу, әртүрлі өсімдіктердің сорттарын өсіру бойынша демонстрациялық және тәжірибелік станция ашу және т. б. жобаларды бастау және ішінара іске асыру жоспарлануда.

Сондай-ақ, Агропаркте қазақстандық өндірушілер мен жеткізілім тізбегінің қатысушылары жаңа технологиялар мен құралдармен, практикалық модельдердің жұмысымен, топырақтан СО2 жинауға және жинақтауға көмектесетін Carbon Farming жүйесімен таныса алады. Венгр технологиясы бойынша тұқым өндірісін құру жоспарлануда.

Жобаны іске асыру үшін венгриялық компания Ақмола облысының негізгі ауыл шаруашылығы аудандарының бірі Аршалы ауданын таңдады. Оның қызметінің негізгі бағыты астық өндіру болып табылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив