Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

ҰЭМ басшысы ШҚО кәсіпкерлерімен кездесті

5-03-2023, 10:12 Думан Кенжеғазыұлы

Әлібек Қуантыров Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында жергілікті кәсіпкерлермен кездесті. Жиынға қатысушылар салықтық әкімшілендіру, ҚҚС (қосылған құн салығы), бизнесті кредиттеу, виртуалды қойманың жұмыс механизмі, сондай-ақ контрагенттермен жұмыс істеу мәселелерін талқылады.

ҰЭМ басшысы салық саясатын жетілдіру және ШОБ-ты мемлекеттік қолдау шаралары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ол барлық ұсыныстар Қаржы министрлігімен бірлесіп мұқият зерттелетініне сендірді. Сондай-ақ, министр кәсіпкерлерді жаңа Салық кодексін талқылауға белсенді қатысуға шақырды.

«Барлық кешенді жұмыс жұртшылықпен, сарапшылар және бизнес-қоғамдастық өкілдерімен бірлесіп жүргізіліп жатыр», - деп толықтырды Ә.Қуантыров.

Сонымен қатар, кәсіпкерлер экологиялық төлемдер, мемлекеттік сатып алу және жеңіл өнеркәсіпті дамыту мәселелерін шешуге жәрдемдесуді сұрады. Министр ҚР ҰЭМ-ға қатысы жоқ мәселелер тиісті мемлекеттік органдарға жолданатынын атап өтті.

Сондай-ақ, ведомство басшысы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде және "Даму" Қорының облыстық филиалында болып, атқарылған жұмыстар туралы есептерін тыңдап, ағымдағы жылға нақты тапсырмалар берді.

Өткен жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде 47,6 млрд.теңге сомасына 1 131 жоба субсидияланды. Кепілдік сомасы 11,5 млрд. теңгеге 1 045 жобаға кепілдік берілді. Ағымдағы жылы "Даму" Қоры жобалар санын көбейтуді жоспарлап отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив