Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.01 640.34 6.52

Қазақстан Мысырда өткен халықаралық конференцияға қатысты

31-07-2024, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Каир қаласында «Жаһандық әлемдегі пәтуа және әдеп негіздері» атты халықаралық конференция өтті. Аталған іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚМДБ өкілдері, ислам ғалымдары, мүфтилер және дінтанушылар қатысты.

Конференция тәжірибе алмасу және діни саланың өзекті мәселелерін талқылау алаңына айналды.

Сапар аясында «әл-Азхар» университетінде діни білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесті. Қатысушылар діни білім беру  мәселелерін талқыға салды.

Сонымен қатар, ҚР МАМ Дін істері комитетінің өкілдері мен ҚМДБ теологтары Мысырдағы уәкілетті мекемелермен кездесіп, діни қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша тәжірибе алмасып, өзара пікір алмасты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив