Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Қазақ мұнайына 125 жыл: Энергетика министрлігінде мұнай саласының ардагерлерімен кездесу өтті

1-08-2024, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақ мұнайының 125 жылдық мерекесі аясында энергетика вице-министрі Е.Ақкенженов сала ардагерлері А. Тегісбаев және М. Исаевпен кездесу өткізді. Іс-шараға қатысушылар мұнай секторының дамуының бай тарихын және оны дамытудың перспективалық бағыттарын талқылады.

Ардагерлер саланың дамуы туралы естеліктерімен бөлісіп, жинақтаған тәжірибесін өскелең ұрпаққа жеткізудің маңыздылығына тоқталды. Заманауи сын-қатерлер мұнай өнеркәсібінен қоршаған ортаға теріс әсерді барынша азайтатын және саланың ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз ететін инновацияларды үнемі жаңартып, енгізуді талап етеді.

Вице-министр тарихи естеліктер мен ұрпақтар сабақтастығын сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Кездесу барысында саланы одан әрі дамыту, оның ішінде жаңа кен орындарын іздеу, мұнай өндіру мен өңдеу тиімділігін арттыру, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздікті нығайту мәселелері талқыланды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив