Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

ІІМ көлік және жүк тасымалдау саласындағы алаяқтарды ұстады: 6 автокөлік иелеріне қайтарылды

2-08-2024, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Ішкі істер министрлігі халықаралық және қалааралық тасымалдау саласында қымбат автокөліктер мен түрлі тауарларды ұрлауды жолға қойған алаяқтарға тосқауыл қою бойынша кешенді шаралар қабылдап жатыр.

ІІМ криминалдық полиция департаментінің жедел қызметкерлері Алматы облысының аумағында ұялы байланыс, мессенджерлер мен сайттарды пайдалану арқылы қылмыстық схеманы жолға қойған бес адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады.

Қаскөйлер ұрлап әкеткен алты көлік иелеріне қайтарылды.

Ұсталғандарға қатысты сот қамауға алу санкциясын шығарды. Олардың қылмыстық әрекеттерін құжаттандыру бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

ІІМ алаяқтардың алдау тәсілі туралы айтты. Тапсырыс берушілермен және жүк көліктерінің жүргізушілерімен олардың көлік пен тауар тасымалдау туралы хабарландырулары бойынша алаяқтар хабарласып, тасымалдау қызметін ұсынады. Олар тапсырыс берушілерге өздерін автокөлік жүргізушісі ретінде, ал жүргізушілерге тапсырыс беруші ретінде таныстырады. Екі тарапты да алдап, көндіріп, одан әрі қарай заңсыз өткізу мақсатында ұрланған тауарды артады.

Осыған байланысты министрлік азаматтарға жүкті жөнелту және қабылдау барысында барлық қажетті құжаттармен мұқият танысуды ұсынады. Хабарландыруда көрсетілген жүргізушінің нөмірін міндетті түрде тексеріп, онымен тасымалдау маршрутын талқылап, жеткізу мекенжайын анықтап алу қажет.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив