Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Ермек Бейсеуов ҚР ТЖ Комитетінің төрағасы болып тағайындалды

5-08-2024, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Ермек Беркімбайұлы Бейсеуов Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлады. 

1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын, Қазақ қатынас жолдары университетін бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласы Алмалы ауданы прокурорының көмекшісі болып бастады. 

2006-2007 жылдары – Алматы қаласы Алмалы ауданының мемлекеттік-құқық бөлімі бас маманы.

2007-2008 жылдары – Алматы қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті Алмалы ауданы бойынша өнеркәсіп бөлімінің бас маманы, бастығы.

Әртүрлі жылдары Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің көмекшісі, мемлекеттік-құқық бөлімінің бастығы, Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімдігінің аппарат басшысы болып жұмыс істеді.

Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары және Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив