Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Облыс әкімі Көкпекті ауданының жаңа әкімін таныстырды

5-08-2024, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Әділет Қожанбаев 1980 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген. 1997-2000 жылдары Семей қаласындағы «Қазтұтынуодағы Аң терісі-мех колледжін» «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша оқып бітірген. Кейін білімін Қазақ коммерциялық Қаржы академиясында оқуын жалғастырып, 2005 жылы Алматыдағы «Тұран» университетін сол мамандық бойынша тәмамдады. Әділет Қожанбаев 2012 жылы «Тұран» университетінде заңгерлік білім алды. 2019-2021 жылдар аралығында Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясында оқыды. Онда ол Мaster of Business Administration (MBA) дәрежесін алды.

«Көкпекті ауданы тоғыз жолдың торабында орналасқан қасиетті мекен. Ауданның облыс экономикасындағы стратегиялық маңызы орасан зор. Бұл өңірдің экономикасы әртарапты, ауыл шаруашылығы, тау-кен өндірісі салаларының әлеуеті өте жоғары. Әділет Нұрсағатұлы – осы ауданның тумасы, өздеріңіздің жерлестеріңіз. Абай облысы құрылған сәттен бастап осы уақытқа дейін Абай облысының қаржы басқармасының басшысы қызметін атқарып келді. Осы уақыт ішінде өзінің іскерлік және ұйымдастырушылық қасиеттерін таныта білді» - деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Әділет Қожанбаев еңбек жолын 2000 жылы бастап, Алматыдағы «БТА Ипотека» АҚ-да түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. Кейіннен ол Алматыдағы «Темірбанк» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды, ал 2013 жылы банктің Семей қаласындағы филиалының директоры болды. Сондай – ақ, ол «Қазақтелеком» АҚ-ның Алматыдағы филиалы – Сервистік фабриканың бас директоры қызметін атқарды. Тағайындалғанға дейін Әділет Қожанбаев Абай облысының қаржы басқармасын басқарды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив