Қожанбаев Әділет Нұрсағатұлы Көкпекті ауданының әкімі болып тағайындалды
Әділет Нұрсағатұлы Қожанбаев 1980 жылы 1 қаңтарда Семей облысы, Көкпекті ауданы, Биғаш аулында дүниеге келген.
Қазтұтынуодағының аң-терісі мех колледжін «Экономика, бухгалтерлік есеп және талдау" мамандығы бойынша бітірген.
Тұран университетінің «Бухгалтерлік есеп және талдау», «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірді.
Мәскеу қаласындағы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясында оқып, «Іскерлік әкімшілендіру шебері – Master of Business Administration (MBA)» біліктілігін алды.
Еңбек жолын 2000 жылдан бастап «Крамдсбанк» АҚ Семей филиалының тарату комиссиясында кредиттік қызметкер ретінде бастады.
2001 -2013 жылдары - Алматы қаласындағы «БТА Ипотека» АҚ-да процессинг және кепіл мониторингі бөлімінің басшысы, кредиттік басқарманың басшысы, атқарушы директоры.
2013-2014 жылдары- «Темірбанк» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі, Семей қаласындағы Банк филиалының директоры.
2014 -2021 жылдары -« Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да операциялық департамент директоры,басқарушы директор, басқарма төрағасының орынбасары.
2021-2022 жылдары - «Қазақтелеком» АҚ Алматы қаласындағы сервистік фабрика – филиалының бас директоры.
2022 жылдан 2024 жылдың 2 тамызына дейін - «Абай облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы.