Cемей0°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
474.08 558.28 6.26

Ақтөбе облысында жолаушылар пойызы соқтығысты

5-03-2023, 15:44 Думан Кенжеғазыұлы
Бүгін 5 наурыз күні сағат 10.30-да Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Бершүгір т/ж станциясында алдын ала мәліметтер бойынша маневрлік локомотивпен бүйірлік соқтығысу салдарынан "Бішкек-Самара" қатынасымен жүретін № 317 жолаушылар пойызының тепловозы, № 1 вагоны және № 2 жолаушылар пойызының үш доңғалақты жұбы рельстен шығып кетті. 
 
Оқиға орнына Қазавиақұтқару тікұшағы ұшып шығып, құтқару бөлімшелері жіберілді және ҚТЖ қалпына келтіру поезды жөнелтілді.
 
Қолда бар ақпаратқа сәйкес пойызда 200-ден астам адам болған (Қырғызстан, РФ және Қазақстан азаматтары, ҚТЖ қызметкерлері). Ауруханаға жатқызудың қажеті болған жоқ, қазіргі уақытта жолаушылар пойыздың басқа вагондарына орналастырылды.
 
ТЖМ және өңірдің ТЖД жедел штабтар құрылды. Оқиғаның себебін анықтаумен құзыретті органдар айналысатын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив