Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
464.77 541.36 5.41

Жастар күніне арналған ұлттық онкүндіктің алғашқы күні 256 тонна қоқыс жиналды

5-08-2024, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы мен жастар күніне арналған ұлттық онкүндік басталды. Ел бойынша 13 500 белсенді жас саябақтарды, өзендер мен көлдер жағасын, сондай-ақ тарихи-мәдени нысандардың аумақтарын тазалауға және абаттандыруға қатысты.

Жұмылған жастар жалпы 600 гектарға жуық аумақты тазалап, 256 тонна қоқыс жинады. Атырау облысында акцияға қатысушылар 3000-ға жуық балық шабақтарын құтқарып, Жайық өзеніне жіберді.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Қазақстанда Жастар күні 10 күн аталып өтіледі. Онкүндіктің әр күнінің өз тақырыбы бар. 4 тамыз өзін-өзі дамытуға, көшбасшылыққа және кәсіби дамуға ынталандыру күні.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив