Баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау үшін қандай құжаттар қажет? 02 тамыз 2024 - 16:05
Елімізде 11,5 мың мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды, балаларды қамту деңгейі 91,5%-ды құрайды. 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды ұлғайту үшін ағымдағы жылдың соңына дейін 77 мыңнан астам жаңа орын ашу жоспарлануда.
Мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау жыл бойы жүзеге асырылады. Астана, Алматы қалаларында және Ақтөбе, Қостанай облыстарында балалардың мектепке баруына байланысты мектепке дейінгі ұйымдарда топтарды жасақтау аяқталды. Өзге өңірлерде бұл жұмыс тамыз айының соңына дейін жалғасады.
Кезекке қою, құжат қабылдау және жолдама беру жөніндегі мемлекеттік қызметтерді жергілікті атқарушы органдар электрондық үкіметтің веб-порталы немесе ақпараттандыру объектілері арқылы көрсетеді.
Мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау үшін келесі құжаттар талап етіледі:
қабылдауға арналған жолдама;
өтініш;
қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат (ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің) немесе электрондық құжаттар қызметінен цифрлық құжат;
баланың туу туралы куәлігі немесе электрондық құжаттар сервисінен цифрлық құжат;
№ 065/е нысанындағы профилактикалық егу картасы;
№ 052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
№ 027/у нысанды анықтама;
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (мүмкіндігі шектеулі балалар үшін).